Логистикалық орталық ашылды
Алматыда Қазақстандағы Дунгуань халықаралық сауда палатасының экономикалық және сауда кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Айтулы іс-шарада Дунгуань қаласынан келген ірі өндірушілер өз тауарларын қазақстандық нарыққа ұсынды. Енді еліміздің кәсіпкерлері Қытайлық зауыт өнімін көзбен көріп, қолмен ұстап тапсырыс бере алады. Экономикалық және сауда байланыстарын, өнеркәсіптік ынтымақтастықты және гуманитарлық ықпалдастықты күшейтуге бағытталған серіктестік отандық сауда-саттықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қолға алынған. Жаңа жоба екі ел арасындағы өңірлік экономиканың өсуіне жаңа серпін береді деп күтілуде.
ӘЛІШЕР ТОҚТАСЫНОВ
ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Дунгуань деген қаланың сауда представительствосы осында ашылып жатыр. Бұл жерде бәрі без посредник, тек ғана осы қаланың зауыттары өз тауарларын біздің елге ұсынып, түпкі зауыттың бағасымен жұмыс істелінетін жер деп айтса болады. Хоз товар дит үйде қолданылатын заттар, химиялық заттар, мебель, керамика күнделікті адам өміріне керек нәрселер. Электроника жағынан болсын әртүрлі зауыттар болады.»