Алматы облысының төрт жылдық даму жолы

Бүгін Алматы облысы қайта құрылған күн. 2022 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» жарлығы күшіне енді. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Ал содан бері төрт маусымды төрт мәрте түлеткен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалы қалай? Тілшіміз зерделеп көрді. 

Алматы облысы ұлы жібек жолы бойында, тоғыз жолдың торабында Алып шаһар алматыны қоршай орналасқан Өңір. Оған қоса қос мемлекетпен шектесетін ел үшін аса маңызды стратегиялық белсенді аймақ. Сондықтан транзиттік өткелдермен логистикалық кешендердің әлеуеті күн санап артып келеді деп сеніммен айтуға болады. Бір ағна «А» санатындағы қоймалар саны 4 жылдан бері 44 еселенген. 


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қытай халық республикасымен Қырғызстанмен шекараласпыз. Басқа облыстарға бір арқылы республикалық маңызы бар темір жолдармен автожолдар кетеді. Сол себепбі бұл жерде бір жағынан транзит бар, оған көрсететін қызмет бар. Алматыға және басқа жаққа тарататын қоймалар бар. Енді биылдан бастап олар салық төлеуге бастап жатыр. Бір ғана нысанды мысал етсем ; фокус логистик деген үлкен нысан ол жылына 1 милиярдқа дейін салық төлейді. 


Өткен жылы облыстың өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайыз өсім көрсетті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ елде 5 орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Ал өңірге инвестор тарту бойынша облысымыз республикада алдңғы қатарда тұр.


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ                АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз 120 ірі өндіріс аштық. Биыл тығы 100 өндіріс ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Жыл сайын біздің жергілікті бюжет 100 милиярдқа жуық ұлғайып жатыр. 4 жылда жергілікті бюжет 2,5 есеге ұлғайды. 300 милиярдтан қазір 700 милиярдқа ұлғайды. 

Облыс орталығы Қонаев болып бекігелі бері зәулім зәулім тұрғын үй кешендері салынды. Қала көшелері реттеліп, инфрақұрлым жақсарды. Жағажай түлеп, туризім жаңғырды. Ал қала орталығынан еңсе тіктер жаңа әкімшілік ғимараттармен әлеуметтік нысандардың қат-қабат құжаттама мәселесі енді реттелді. Сабақты ине сәтімен деген. Алғашқыларының қабырғасы қаланып басталды.  


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ                АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Президент тапсырмасы аясында осы облыс құрылғанда Қонаев қаласының кешенді даму жоспарын өкімет бекіткен. Сол жоспар аясында құрлыстар бастадды. Ең бірінші 6 әкімшілік нысанның құрлысы басталды. Кезең кезеңімен ең бірінші 11 ай ішінде аяқталады.


Облыс аумағында қазір 100-ден астам әлеуметтік нысан бой көтеруде. Оның 51 денсаулық сақтау мекемесі болса 48 мектеп сондай ақ 9 мәдениет үйі және 7 спорт кешені бар. Ал Алатау қаласының ерекше мәртебемен бөлекше бітіммен еңсе тіктеуі ел қуанып жатқан игі жаңалық. 

Сондай-ақ оқыңыз: