Тайланд Корольдігімен келісім орнады

Қонаевта Алматы облысы мен Тайланд Корольдігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Тайландтың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады. Кездесу барысында тараптар туризм, сауда, инвестиция және бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін пысықтады. Дипломатиялық миссия басшысының мәлімдеуінше, таяу арада екі ел арасындағы серіктестік сапалы жаңа деңгейге көтерілмек.

ПИЯПИН НИЙОМРЕРКС
ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚР-ДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
Бүгін Алматы облысының әкімімен Тайланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапарын талқыладық. Сапар аясында ол 26 маусымда Алматыда өтетін Тайланд-Қазақстан бизнес-форумына қатысады. Бұл маңызды қадам Тайланд пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін беріп, өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашатынына сенімдімін.

Сондай-ақ оқыңыз: