Экологиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыты
Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Алматы облысында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен өткен кездесуде білім беру, туризм және экология саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Аймақ басшысы шетелдік инвесторларға облыстың туристік әлеуетін таныстырды. Кездесуде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, электр энергиясын өндіретін техно-экопарк салу жобасы көрсетілді. Инвесторлар жобаны жүзеге асыруға дайынбыз деді
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қазақстанда 100 туристік бағыт бар, соның 10-ы біздің облыстың аумағында орналасқан. Сонымен қатар Алматы қаласында Алматы облысының өңірлік даму орталығы жұмыс істейді. Онда біз облыстың мүмкіндіктерін және инвесторларға ұсынатын жобаларды таныстыра аламыз»
ХАЛИД ӘЛЬ-КИНДИ
ИНВЕСТОР
«Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте берік. Сондықтан біз Қазақстанға инвестиция салуға дайынбыз. Әмірліктердің қалдықтарды өңдеп, олардан таза энергия өндіру тәжірибесі мол. Осыны Қазақстанда қолданып, аталған жобаны іске асырғымыз келеді.