Бюджетке 25 млрд. теңге салық түсті

Алматы облысында ойын бизнесі өңір экономикасының басты драйверлерінің біріне айналып келеді. Тек соңғы алты ай бұл саладан мемлекеттік бюджетке 25 миллиард теңге салық түсті. Оның 10 миллиардтан астамы тікелей жергілікті бюджетті толықтырған. Ал екі жарым жыл ішіндегі жалпы түсім 184 миллиард теңгеден асты. Бүгінде Қонаев қаласында 21 ойын нысаны заңды  жұмыс істеп тұр. Онда екі жарым мыңға жуық жергілікті тұрғын еңбек етеді. Ең бастысы, бұл сала өңірдегі туризмнің дамуына серпін беруде. Өйткені казиноға келушілердің 20 пайызы-шетелдік қонақтар. Экономикалық әлеуетті одан әрі арттыру үшін енді Талғар ауданында тек шетелдіктерге арналған жаңа ойын аймағы ашылмақ. Халықаралық әуежайға жақын орналасқан бұл өңір тау туризмі мен инфрақұрылымы дамыған ірі демалыс орталығы саналады. Жаңа жоба қонақүй, тамақтану және транспорт салаларына инвестиция тартып, қосымша жұмыс орындарын құруға жол ашады.


ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
« .... қазіргі ойын-сауық казиноларымыздың Қонаев қаласында 20 пайыздай шетелдік туристтерге келіп отырғандары, одан бөлек Талғар ауданында бізде шетелдіктерге ғана арналған қазіргі таңда қарастырылуда ойын-сауық аймағы. Ол казинода жаңадан көрсеңіздер 500-дей жұмыс орны пайда болады және де ол өңірге өзінің алға жылжу мәселелерін ұлғайтады»

Сондай-ақ оқыңыз: