Бірлік пен ынтымақ жолында
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда өтіп жатқан Орталық Азия және Әзірбайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысты.
Мемлекет басшысы жиында бауырлас елдер арасындағы достық пен өзара қолдаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қырғызстанның дамуы – бүкіл Орталық Азияның тұрақтылығы мен өркендеуінің маңызды кепілі. Президент «XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көрші және ынтымақтастық туралы шартқа» қол қойылуын тарихи оқиға деді. Ендігі міндет – осы құжаттағы бастамаларды нақты жүзеге асыру. Қасым-Жомарт Тоқаев “Әзірбайжанның консультативтік кездесулерге қосылуы аймақтық серіктестіктің жетістігі” деп бағалады.