Инвестиция игілігі
Іле ауданында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірдегі көрсеткіш 137 пайызға орындалды. Бұған ауданның Алматы қаласына жақын орналасуы және дамыған инфрақұрылым оң әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар ауданда шағын және орта бизнесті дамып келеді. Бұл бағытта қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын тілшіміз тарқатады.
Іле ауданының биылғы инвестициялық жоспар көлемі 405 миллиард. теңгеден асты. Алғашқы жартыжылдықта жобалар сәтті жүзеге асырылып, тартылған инвестиция 130 миллиард теңгеге жеткен. Қазір аймақта құны 10 миллиард болатын 18 ірі нысанның құрлысы жүріп жатыр.
МҰХАМЕДҒӘРІП ҚҰРМАНҒАЛИЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Биылғы жылы ауданда инвестиция тарту бойынша 2026 жылға ірі 47 жобамыз бар. Оның ішінде 18 ірі жобаны жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Кәсіпорын ашылса жаңадан 2500 орын құрылады. Биыл жылдың соңына дейін 18 кәсіпорын тапсырылса 1700 адам жұмыспен қамтылады. »
Ісін ілгерлеткісі келетін кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау бар. Бизнес өкілдері 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие ала алады. Бұл жаңа бизнес-идеялар мен өндірістерді жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасаудың айқын көрінісі.
АМАНТАЙ ЯКУБОВ
КӘСІПКЕР
«Ауыл шаруашылықпен айналыстым. 15 жыл саңырауқұлақ өсірумен айналыстым. Ғимаратымыздың жоғарысы спорт кешені болады. Одан кейін әйелдер және ерлер моншасы, сауықтыру орталығы, тамақтанатын жері бар. Жалпы аумағы 2900 шаршы метр.»
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен қазір ірі кәсіпорындарда 22 мыңға жуық адам еңбек етсе, шағын және орта кәсіпкерлік саласында 50 мыңға жуық тұрғын жұмыс еңбек етеді.