Есік жеміс-көкөніс консерві зауытында дайын өнімге сұраныс артып келеді

Есік жеміс-көкөніс консерві зауытында тәулігіне мың тонна жеміс-жидек өңделеді. Дайын өнімге сұраныс артып , тауар көршілес елдерге сатылады. Кәсіпорында өндіріс желілері кезең-кезеңімен жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілді. Нәтижесінде өндірістік қуат көлемі ұлғайып, өнім сапасы жақсарды.

Есік консерві зауыты жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтады. Зауыта күн сайын  250 тонна дайын өнім шығарады. Кәсіпорын өңірдегі шаруа қожалықтарынан шикізат сатып алумен қатар, өзіне тиесілі егістік алқаптары мен жылыжайларында көкөніс өсіреді. Өндіріс тиімділігін арттыру үшін заманауи агротехнологиялар мен тамшылатып суару жүйесі енгізілген.

БАҚЫТ БОЛЫСБАЕВ
ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ
«Зауыттың жер телімдері  сумен қамтамасыз етілген.  Тамшылатып суару жүйесін қолданамыз.Су сүзгі станциялары орнатылған, қоймалар салынды. Тоғыз ұңғыма бұрғыланды. Жыл сайын өндірістік қуатымыз артып келеді” 

Өнім сапасын мен бақылау жұмысына талап жолғары. Зертхана мамандары шикізатты қабылдаудан бастап, дайын өнімді қаптауға дейінгі әр кезеңді жіті бақылайды.

ЗУХРА ҚАЛИАХМЕТ
ӨНДІРІСТІК ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Мысалы, қызанақ келген кезде сыртқы пішінін қараймыз. Рефрактометр арқылы қант мөлшерін тексереміз. Арнайы әдіспен нитраттардың мөлшері мен еритін заттардың үлесін анықтаймыз»

Кәсіпорында өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше мән беріледі. Мәселен, жеміс-көкөніс қалдықтары ауылшаруашылығында кәдеге жаратылады.

ЗУХРА ҚАЛИАХМЕТ
ӨНДІРІСТІК ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Қалдықтарға, мысалы, алма мен қызанақтың күнжарасы жатады. Оларды қайта өңдеп,  фермалар мен шаруа қожалықтарына жібереміз. Күнжара сиырға берілетін жем құрамын дәрумендермен байытпды».

Зауытта 70-ке жуық тұрақты қызметкер еңбек етеді. Ал өндіріс қызған маусымда жұмысшылар саны 200-ден асады. Кәсіпорын шырыны, томат пастасы,   көкөніс езбелері ішкі нарықтан бөлек,  шетелде де сұранысқа ие. Өнімдер Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузияға экспортталады.

Сондай-ақ оқыңыз: