«Тыныш үйге тығылған қонақ» : Алматы облысында тұрғын үйден табылған жылан құтқарушылардың көмегімен табиғи ортаға жіберілді

«Тыныш үйге тығылған қонақ» : Алматы облысында тұрғын үйден табылған жылан құтқарушылардың көмегімен табиғи ортаға жіберілді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылындағы бір үйдің ауласынан жылан табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабар түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұқыпты түрде ұстап алды. Рептилия елді мекеннен алыс жерге — табиғи ортасына жіберілді.

Үй иелері құтқарушыларға жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға төмендегідей кеңес береді: егер үйіңізден немесе ауладан жылан байқасаңыз, алдымен барлық адамды қауіпсіз жерге шығарып, жылан кірген орынды жауып қойыңыз да, дереу құтқарушыларға хабарласыңыз. Жыланды өз бетіңізше ұстауға тырысу — өте қауіпті.