Таза су - табиғат байлығы
Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» республикалық табиғатты қорғау акциясы өтуде. Бағдарламаға сәйкес балықтың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасалып, су айдындары заңсыз аулау құралдарынан тазартылады. Аталмыш акцияға 20 қайық пен арнайы инспекция мамандары, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер қатысты.
Дәстүрлі экологиялық акция айдында мұз еріген басталады. Бұл жолғы рейдке Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер қатысты. Жұмыс тобы 20 шақты қайықпен су қоймасының күншығыс бетін сүзіп шықты.
Мынау заңсыз қойылған аулардың бірі ғана. Балық инспекциясы осындай аулардың бірнешеуін шығарды. Қазір жағаға шығарып көзін жояды. Бұл аудың бір ерекшелігі моножіптен жасалғандықтан, су астында 100 жылға дейін шірімей жатады. Осылайша табиғатқа залал келтіреді.
Әуесқой балықшыларға қармақпен шығуға шектеу жоқ. Алайда, кәсіптік ауларды тек арнайы рұқсаты бар шаруашылық субъектілері ғана пайдалана алады. Онда да әр ауда тиісті мемлекеттік таңбалау болуы шарт. Рейд кезінде балық аулаудың екі бірдей заңсыз дерегі де тіркелді. Енді заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мүлкі тәркіленбек.
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Акция барысында су айдынынан 5 мың метрге жуық балық аулау құралдары шығарылды. Аталған акция жыл сайын өткізілуде. Мысалы, 2025 жылы Балқаш-Алакөл су айдындарынан 56 км аулау құралдары және 17 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналған.
Тазалық шарасы кезінде тек аулар ғана емес, жағалаудан 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Мамандардың айтуынша, бұл тек бастамасы. Инспекторлар сәуір айында, яғни балықтың уылдырық шашатын шақта бақылауды күшейтпек.