Үкімет басшысы жасанды интеллект негізінде жүк тасымалын қадағалаудың цифрлық жүйесін құруды ұсынды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жасанды интеллект негізінде жүк тасымалын қадағалаудың цифрлық жүйесін құруды ұсынды.
Бұл бастама Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтылды. Бектеновтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің географиялық орналасуы транзит пен логистиканы дамытады. Алайда инфрақұрылымды жаңғырту қажет. Ұсынылған платформа одақ елдері арасындағы жүк ағындарын үйлестіруге, жеткізу мерзімін қысқартып, бизнестің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.