Мәртебелі Алатау
Қос палатаның бірлескен отырысында Парламент депутаттары «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.
Құжатта салықтық жеңілдіктер қарастырылып, қалалық шаруашылық салаларына бірыңғай цифрлық платформаны енгізу, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғау шаралары көзделген. Сонымен қатар, бизнесті тек прокуратура ғана тексеретіні белгіленді. Бұдан бөлек, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылау күшейтіліп, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Заң қалаға инвестиция тартуға және оның тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шахарға тартылған инвестиция көлемі шамамен 116 млрд.еңгеге жетті.