Есік қаласында түнгі уақытта бұзақылық оқиғасы тіркелді

Есік қаласында түнгі уақытта бұзақылық оқиғасы тіркелді. Бір топ азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Құқыққа қайшы әрекеттер 28 наурыз күні бейнежазба арқылы анықталды. Осы дерек бойынша  екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жеті адам күдікті ретінде танылып, олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, тұрғындарды алаңдатқан түнгі оқ ату – ескерту мақсатында жасалған.

ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
«Ауаға жасалған оқ атулар ескерту сипатында болып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылды.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.Барлық қажетті тергеу әрекеттері Алматы облысы ПД үйлестіруімен Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілуде.Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынды»

Сондай-ақ оқыңыз: