Қазақстанда сот шешімдерін автоматты түрде орындау жүйесі енгізілді
Қазақстанда сот шешімдерін автоматты түрде орындау жүйесі енгізілді. Енді атқарушылық өндіріс толықтай цифрлық форматқа көшіріледі.
Жаңа жүйе салық берешегін, алименттерді өндіру мен өзге де істерді қамтиды. Бұл тетік тиісті рәсімдерді айтарлықтай жеделдетеді. Егер бұрын азаматтар әділет мекемесі мен сот орындаушыларына уақыт бөліп, қосымша шығындалса, бүгінде бұл шарауаның барлығы онлайн форматқа ауысты. «Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу жеткілікті. Осыдан кейін қажетті ақпарат бірнеше секундта қолжетімді болады» дейді мамандар.
ДАНИЯР ҚАЛИЕВ
МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫ
«Әділет органдары тарапынан баршаға ортақ «Тараптар кабинеті», яғни сот орындаушыларының бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылды. Бұл платформа өндіріп алушылар үшін де, борышкерлер үшін де бірдей қолжетімді. Атқарушылық ісі бар кез келген азамат осы жүйеге кіріп, өз ісінің барысын кез келген уақытта бақылай алады. Мұнда қарыз мөлшерін, өндірілген соманы және сот орындаушысының атқарып жатқан жұмысын ашық тексеруге мүмкіндік бар»