Гүлдалада болған оқиға: күдіктілер ұсталып, тергеу жүріп жатыр
Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ уақытылы жолданған бағдарлардың арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар, бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен олардың екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалды. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау органы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданды.
Оқиғаның барлық куәгерлері анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексерілуде.
Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.