Қонаевта 20 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды
Қонаев қаласында 20 тамыздан бастап қоғамдық көлікке жолақы мөлшері өзгереді. Енді электронды билет жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы төлем жасағанда – 120 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – 200 теңге болады.
Неге жолақы қымбаттады?
- Жанармай бағасының өсуі. Соңғы үш жылда бензин мен дизель отынының бағасы шамамен 40%-ға қымбаттады.
- Автобустарды күтіп ұстау құны артты. 2023 жылдан бері қосалқы бөлшектер, май, сүзгі және жөндеу жұмыстары 30–40%-ға өсті. Шиналардың бағасы да айтарлықтай қымбаттап, бір дөңгелек бүгінде 136 мың теңгеден асады.
- Бюджетке түсетін салмақты азайту. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар бағыттар республикалық бюджет есебінен субсидияланады. Жаңа тариф бұл жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қала маңындағы бағыттарға жаңа тарифтер:
- Қонаев – Заречный, Қонаев – Арна: электронды жүйемен – 150 теңге, қолма-қол – 300 теңге.
- Қонаев – Шенгельді, Қонаев – Қоскұдық: электронды жүйемен – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге.
- Қонаев – Сарыбұлақ, Қонаев – Кербұлақ: электронды жүйемен – 200 теңге, қолма-қол – 500 теңге.
Жаңа тарифтер автобус паркін жаңартуға, тұрақты әрі сапалы жолаушы тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған.