Euronewsпен серіктестік

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті. Тараптар  Қазақстанның халықаралық ақпарат кеңістігіндегі орны жөнінде пікір алмасты. Euronews арнасы екі жыл бұрын Астанада өңірлік кеңсе ашып, Қазақстан мен Орталық Азия туралы  материалдарды тұрақты жариялап келеді. Президент арнаның қазақ тілінде хабар тарата бастағанын құптады. Кездесуде Қазақстан туралы ақпаратты әлемдік аудиторияға таныту және бірлескен жобаларды дамыту жолдары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз: