Карьер жағдайы бақылауда

Ақсай өзені бойындағы карьер аумағын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Тасқын кезінде өзен жағалауындағы құмтас опырылып, шамамен 600 метрге созылған қауіпті аумақ қалыптасты.

Қазір мамандар жағалауды бекітіп, өзен ағысын бұрынғы арнасына бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 17 арнайы техника тартылды. Карьерде жиналған су көлемі 2,5 миллион текше метрге жеткен. Апатты аумақты нығайту үшін 500 текше метр бетон пайдаланылады. Мамандардың айтуынша, суды кезең-кезеңімен негізгі арнаға бұру арқылы ықтимал қауіптің алдын алуға болады. Облыс әкімі Марат Елеусізұлы  қалпына келтіру жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізуді тапсырды. 


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жұмысты ұйымдастыру жағынан бәрі дұрыс: мердігер де бар, мамандар да жеткілікті, комитет те бақылап отыр. Қазір жұмыс істеуге қажеттінің бәрі толық қамтылған тамақ та, техника да, үлкен тастар мен бетон плиталары да жеткілікті. Аумақта түнде де жұмыс істеу үшін жарық қою қарастырылған. Күндіз барынша қарқынды жұмыс істеу керек, ал кешке 600 метрлік аумақтың бойы толық жарықтандырылып, жұмыс күндізгідей анық көрінетіндей болуы тиіс»

Сондай-ақ оқыңыз: