Апатты көпір жөнделеді

Еңбекшіқазақ ауданында тасқын салдарынан су шайған көпір қайта жаңғыртылады. Үлкен Алматы каналы бойындағы автожолдың 54-ші шақырымында орналасқан бұл көпір 2024 жылы апатты деп танылған. Осыған байланысты онда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Қазір көпірді қайта жаңғыртуға қажетті барлық жобалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Жауаптылардың айтуынша, құрылыс мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған соң басталады.


НҰРДӘУЛЕТ АСҚАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
"Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, технадзор анықталып жұмыстарды бастау үшін қазір  ГАСК жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстар осы айда басталатын болады"

Сондай-ақ оқыңыз: