Жер дауы
Шалқар ауылындағы Абай көшесінің тұрғындары тығырықта қаламыз ба деп алаңдап отыр. Айтуларынша бұған даулы құрылыс себеп болған. Жаңадан үй салған жер иесі аула аумағын қоршаса, қарашаның қатынайтын жолы жабылуы мүмкін. Бұл жағдай қалай шешілмек? Шолығырақ тілшіміз тарқатсын.
Шалқар ауылының тұрғындары үйлеріне кіріп-шыға алмай қаламыз ба деп алаңдаулы. Бұһараның бұлай дүрлігуіне көше өтетін жер телімінің сатылып кетуі себеп болған. Жер иесі өз аумағын қоршаса көлік тұрмақ адам жүретін жол жабылуы мүмкін. Ашынған жұрт мәселе заңды шешімін тапса дейді.
ГҮЛНАЗ ИСАЕВА
ШАЛҚАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«...Сол кісіге Абай көшесі, 68-үй, Абай көшесі, 68А үй және «Жобалау-2» деген тағы бір көше қарайды. Бұл жерде тағы 14 шақты жер телімі бар. Егер солардың барлығынан жолды жауып тастаса, біздің жаққа мүлдем жол болмай қалады. Сонда жан-жағымыздың бәрінен жол жабылады. Өз үйімізге өзіміз кіре алмай қаламыз. Былтыр осы жерді біреулер шынжырмен қоршап тастаған болатын. Оны әрең дегенде, таласып жүріп аштырдық.»
ГҮЛНӘР КУБАШЕВА
ШАЛҚАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына үй қызыл сызықтың үстінде тұр. Кезінде сәулетшілер неге осы үйді салуға рұқсат берген? Неге үйді қызыл сызықтың үстіне, судың үстіне салуға мүмкіндік берген? Мына жан-жағының барлығы қоршаулы. Ертең бұл жақтағы жерлердің барлығы жабылып қалса, ортадағы үй жолсыз қалып қоймай ма? Аспан мен жердің ортасында қалғандай болмай ма? Бұл адамдар үйлеріне қалай қатынайды?»
Даулы мәселеге байланысты жергілікті әкімдік өкілдері келіп, тұрғындардың сұрағына жауап берді. «Жоба бойынша бұл үйлерге апаратын кірме жол қазіргі қолданыстағы жолдың бойымен емес, жер телімінің екінші жағындағы газ магистралінің бойымен өтуі тиіс»,- дейді.
АЛИНА НАДЫРБАЕВА
ЖАНДОСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ СӘУЛЕТШІСІ
«Бір кездері бұл жерде 2 гектар көлеміндегі тұтас жер телімі болған. Кейін 2014 жылы жер иесі оны бірнеше бөлікке бөліп сатып жіберген. Сол кезде ол арка тұрған жақтан жол қалдырған. Алайда қазір ол жерде үй салынып кеткен. Тұрғындар өздері бұрыннан пайдаланып жүрген бұл жолды негізгі жол деп есептейді. Бірақ 2014 жылғы Шалқар ауылының бас жоспарына сәйкес, жол дұрыс көрсетілмеген. Ал жаңа бас жоспар бойынша жол мүлдем басқа жақта болады.»
Жауаптылардың сөзінше жаңа бас жоспар облыстық мәслихаттың қарауына жолданған. Оған қатысты шешім осы жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс.