Әлеуметтік нысандар салынады
Алматы облысында әлеуметтік және экономикалық салаларды дамытатын бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады. Жаңа емханалар салынып, мектептер күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен бірге өндірістік инфрақұрылым кеңейтіледі. Облыстық мәслихаттың кезекті отырысында, атқарылған жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарлар қаралды. Аружан Мұратқызы тарқатып айтады.
Алматы облысында 13 жаңа медициналық нысан салынады. Ірі жобалардың қатарында Қарасай ауданында 200 орындық перинаталдық орталық пен екі емхана бар. Сонымен қатар, Алатау қаласында тәулігіне 250 адам қабылдайтын жаңа аурухана салу жоспарланып отыр.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында былтырғы жылы 38 нысанның құрылысы жүргізілген болатын. Оның барлығы қазір құрылыс жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, қазіргі таңда Нарынқол ауылындағы үлкен емхананың құрылысы, Тескенсу ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы биылғы жылы осы айдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр»
Сонымен қатар өңірдегі 91 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Жаңа оқу жылының басталуына дейін 5 мектепті, жыл соңына дейін 3 білім беру мекмесін пайдалануға беру жоспарланған.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Енді бұл жұмыстар 2027 жылға дейін жүретін болады. 91 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар, үш ауысымды мектептерді азайту мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар. Ол қазіргі таңда биылғы жылы EPC жобасы бойынша жүргізілетін болады. Қазіргі таңда мердігер компаниялар анықталуда.
Облыста индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да қарқынды. Бүгінде «Қайрат», «Қазыбек бек» және «Шелек» аймақтарына инженерлік желілер тартылып, жолдар салынып жатыр.
ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Биыл облыстық маңызы бар автожолдардың 143 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен салынып жатқан Кеген – Нарынқол автожолының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда жобаның 70 пайызға жуығы орындалды. Жалпы, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр.
Мәслихат отырысында туризмді дамыту мәселесі де көтерілді. Биыл бұл салаға 7,5 миллиард теңге бөлініп, жағажайлар ашылып, инфрақұрылым дамуды. Жыл басынан бері ұлттық парктерге 743 мыңнан астам турист келген.