Туристер легі артты

Өңірге келетін туристер ағыны артып,  нысандар саны 300-ге жуықтады. Бұл – туризм саласында жүйелі түрде атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі. Былтыр Алматы облысына 2,5 миллионға жуық адам келіп, өңірдің табиғатын тамашалады. Ал жазғы маусым басталғалы Қонаев қаласы мен Қапшағай жағалауы демалушылардың ең көп шоғырланатын жеріне айналды.  


Қапшағайдың туристік келбеті жыл сайын өзгеріп келеді. Облыстың туристік инфрақұрылымын дамытуға 7,5 миллиард теңге инвестиция салынды. Қапшағай жағасында  коммуналдық жағажайлар жаңартылды. Ал №5 жағажай еліміздегі  үздік шомылу нысандары  қатарына енді. Алтыншы  жағажайда туристік визит-орталық ашылып, демалушыларға қажетті ақпарат беріледі. Маусым айында демалушылар өсті. Қазір қала күніне 15 мыңға дейін турист қабылдайды.


ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
« Былтыр біз 10-нан астам іс-шара өткізсек, биыл олардың саны 30-ға жетті. Жазда дрифт-шоулар, фестивальдер және түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Алматы облысында туризм көрсеткіштері жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі таңда Қонаев қаласында туризм саласында шамамен 140 нысан, ал облыс бойынша 300-ге жуық туристік нысан жұмыс істейді». 

 Бұрын демалушылар көбіне демалыс күндеріне ғана келсе, бүгінде қызмет көрсету сапасының жақсаруы олардың бүкіл еңбек демалысын Қапшағай жағалауында өткізуіне мүмкіндік беріп отыр.  Қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінуде. Қапшағай су қоймасында жылжымалы құтқару бекеттері жұмыс істейді, шомылуға рұқсат етілген орындар саны артты. Сондай-ақ модульдік жедел медициналық көмек көрсету пункті ашылды. 

ӘЛІШЕР СЕРІК
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Жаз сайын осы Қонаев қаласындамыз. Өзгерістер көрініп тұр. Постоянно благоустройство жүріп жатыр. Жаңа жазулар, тапчандар, жағдай жасалған. Бәрі жақсы. Душевая кабина, раздевалка бәрі бар. Ремонт біткеннен кейін көре жатармыз қалай болатынын.»

Қазір Қонаев қаласында туризм саласында шамамен 140 нысан жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жыл бойы қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз: