Ауылға ауыз су келді
Қарасай ауылына ауыз су келді. Жетпіс жыл бұрын салынған ескі құбыр әбден тозғандықтан ауыл тұрғындары ұзақ жылдар бойы судан тапшылық көрген еді. Өткен жыл соңында орталықтандырылған су жүйесін тарту жұмысы толық аяқталып, биыл әр үй құбырға жалғанды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Зүлфия бұл ауылда көп жылдан бері тұрады. Жаңа су құбыры тартылғалы біраз қиындық шешілді дейді. Мәселен, кір жуғыш машинаны алаңсыз қолданып, бау-бақшаны да қалағанынша суарады.
ЗҮЛФИЯ КАРИМОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Әсіресе жаз басталса сумен қиындық туындайтын. Себебі қысым жетпейтін. Бәрі бау-бақшасын суаратын. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып, халықтың орынды наразылығын туғызатын. Су құбыры жаңарғалы бұл қиындықтың бәрі артта қалды.»
Ауылда екі мыңға жуық тұрғын бар. Су таудағы тораптан келеді. Кейін арнайы су сақтау қоймасына құйып, бірнеше кезеңді тазарту жүйесінен өтеді. Содан кейін ғана ауыл ішіндегі су құбыры желісіне жіберіледі.
НҰРАДИН ЕРМАХАНБЕТ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Су құбырларының жағдайы нашар болған болатын. Өйткені 70 жылдары су құбырлары салынған болатын. Соған арнайы облыс әкімшілігі тарапынан, аудан әкімшілігі тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, арнайы қаражат бөлініп, 2024 жылдары осы ауылдың ауыз су жүйесін жаңарту мақсатында жұмыс іске асырылған болатын.»
Мердігер ұйым жұмысты жоспарға сай 16 айда аяқтады. Ауқымды жобаға бюджеттен бір миллиард теңге қаржы жұмсалды. Былтыр ауданда бес ауыл ауыз суға қосылды. Биыл Есік қаласы, Түрген, Өрікті, Қайназар, Бәйсейіт, Қызылжар жаңа су жүйесіне қосылады.