Мүгедектік құжаттар заңсыз жасалған
Алматы облысында мүгедектікті рәсімдеу кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасауға қатысты 19 дерек анықталды. Тексеру барысында кейбір азаматтардың мүгедектік мәртебесін заңсыз рәсімдеп, мемлекеттік төлемдерді негізсіз алғаны белгілі болды. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, әрбір жағдай бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қайта жүргізілді. Қазір өңірде 43 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Мамандардың айтуынша, бұл мәртебені алу үшін диагноздың болуы жеткіліксіз. Шешім адамның денсаулық жағдайы мен тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі жан-жақты бағаланғаннан кейін ғана қабылданады. Сараптамаға жолдаманы дәрігерлік-консультациялық комиссия береді. Қызметті қашықтан да алуға болады. Дегенмен мамандар цифрлық жүйе рәсімді жеңілдеткенімен, медициналық құжаттардың барлығы мұқият тексерілетінін айтты.
АЙДЫНЖАН НАРМАТОВ
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
"Енді бұл жерде кісілердің мүгедектік тобын алған жағдайда мысалы көбіне бірінші топты алған. Ол жерде оларға жеке көмекші беріледі, оған да жәрдемақы төленеді жаңағы мүгедектікке қарайтын адамға. Мүгедектің өзінде жәрдемақысы көп 111 мыңның үстінде айлық жәрдемақы алады. Сол ойлаймын бұл жерде қаражат жағы мәселесі бірінші орында болып тұр."