Кино керуен
Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан Алматыға келді.
Сапардың басты мақсаты – Алматы облысында түсірілетін «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің жалғасына қатысу. Актер жас кинематографистермен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. Ал вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құрмет белгісі ретінде Джеки Чанға қазақтың ұлттық мұрасы – қамшыны тарту етті. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапияның материалында.
Кездесуде жас суретшілер актерге арнайы салған туындыларын тарту етті. Джеки Чан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерімен кездесіп, еркін пікір алмасты. Ол жас өнерпаздарға шығармашылық ізденістеріне табыс тіледі.
АЙКӨРКЕМ ЖАНҒАЛИҚЫЗЫ
СУРЕТШІ
Джеки Чанның портретін салғанмын. Және салып жатқанда киносын көргенмін Каратэ пацан деген. Өте қызық жне күлкілі кино. Біздікін қарағанда мә мынау мен ба деп таңқалып, бәріміздің көңіл күйімізді көтерген. Және онымен суретке түсуге мүмкіндік болғанына өте қуаншытымын.
Биыл Қарасай ауданында жаңа кинопавильонның құрылысы басталды. Капсула салу рәсіміне Джеки Чанның продюсері Эсмонд Рен қатысқан. Қазір құрылыс жұмысы жалғасып, болашақта бұл алаң отандық және халықаралық киножобаларды жүзеге асыратын заманауи орталыққа айналмақ. Ал «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмнің режиссері – қазақстандық Роберт Кун.
РОБЕРТ КУН
РЕЖИССЕР
Бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен қарап отырмыз. Біз үшін бұл жай ғана фильм емес, бүкіл шығармашылық ұжымның ортақ еңбегі. Халықаралық серіктестікке қуаныштымыз. Ең бастысы – көрерменнің көңілінен шығып, еңбегіміздің ақталғанын қалаймыз.
Отандық және қытайлық киноөндіріс өкілдерін біріктірген бұл ауқымды жоба «China Film Group Corporation» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Туындының түсірілім алаңына Алматы қаласы мен Алматы және Маңғыстау өңірінің тарихи мекендері таңдалды. Түсірілім қазан айында аяқталуы тиіс.