Тазалық науқаны

Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Экологиялық шараға мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен тұрғындар қатысты. Олар аумақтарды тазартып, қоғамдық орындарды абаттандырып, елді- мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға атсалысты.

Жыл басынан бері облыс аумағында 21 жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылған. Осы уақыт аралығында экологиялық шараларға 500 мыңға жуық адам қатысып, аумақтардан 11 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Кезекті сенбілік барысында тұрғындар көшелерді, аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді және оларға іргелес аумақтарды ретке келтірді.

АЛИНА ТҮСІПБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Акцияның негізгі мақсаты — тек аумақтарды тазарту емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікке қатысушылар көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындарды және елді мекендерге іргелес аумақтарды абаттандыруға үлес қосты.

СӘУЛЕ СЕРІК
САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы бүгінде қоғамның күнделікті өмір салтына айналып келеді. Ең бастысы — тазалықты тек науқан аясындағы жұмыс емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі мен мәдениеті ретінде қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыз: