Жастар пікірі
Қонаевта «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында облыстық дебат өтті.
Оған мектеп оқушылары қатысып, адалдық пен заң талаптарын сақтаудың маңызын талқылады. Пікірсайысшылар өз ойларын ортаға салып, дәлелдерін келтірді. Сөз додасына қатысқан жастар білімдерін сынап, ұстанымдарын еркін әрі сенімді қорғау дағдыларын дамытады. Үздік командалар мен спикерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындайц шаралар жастардың жауапкершілігін арттырады» дейді ұйымдастырушылар.