Ерекше мәртебе

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алатау қаласын дамыту  жөнінде кеңес отырысын өткізді. Жиында Алатаудың арнайы құқықтық мәртебесін іске асыру және қаланы басқарудың заманауи моделін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Осы бағытта ауқымды жобаны іске асыруға  жауап беретін мемлекеттік орган туралы ереже бекітілді. Сонымен қатар Операциялық комитет, Реттеу комиссиясы және жер мәселелері бойынша уақытша комиссия құрылды. Жиында инвестиция тарту, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдалды.  


ӘЛІШЕР ӘБДІҚАДЫРОВ
«ALATAU CITY AUTHORITY» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ 
“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаланың даму стратегиясы, ұзақ мерзімді жоспары және бас жоспары әзірленеді. Басты бағыттардың бірі – инвестиция тарту. Қазір Алатауда жалпы құны 2 триллион теңгеден асатын 53 жоба жүзеге асырылып, 50 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделуде”

Сондай-ақ оқыңыз: