Жібек жолында жаңа бекет
Сондай ақ жаңа өрт сөндіру бекеті Қарасай ауданы, Жібек Жолы ауылында да ашылды. Азаматтық қорғау жүйесін дамыту аясында салынған нысан Қарасай ауданының 13 және Іле ауданының 3 ауылына қызмет көрсетеді. Бұл 50 мыңнан астам тұрғын. Енді өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетеді. Ғимараттың жалпы аумағы мың шаршы метрге жуық. Мұнда өрт сөндіру техникасына арналған арнайы тұрақ, диспетчерлік және әкімшілік бөлмелер бар. Жеке құрам қажетті инженерлік жүйелерермен толық қамтамасыз етілді. Депо 4 бірлік техникамен жабдықталған.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Енді облыс әкімінің қолдауымен тиісті қаражат бөлініп, осы қысқа мерзімде аяқталып, қазір іске қосылатын болады. Былтыр бізде жаздай осы мына ауылдың төңірегінде жоталардың бәрі өртеніп, біраз елдің мазасын алған болатын. Басқа ауылдардан, округтардан, аудандардан техниканы тартып, биыл енді осы депоны іске қосылғаннан кейін, біз толық осы қамтитын боламыз округтарды.
РАХМАН КӘРІМЖАН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Ең алдымен, бұл – екі бағытқа шығуға арналған жаңа өрт сөндіру депосы. Төрт бірлік арнайы техника тапсырылды. Оның ішінде екі өрт сөндіру автоцистернасы және жедел-құтқару автокөлігі бар. Бұрын бұл ауданға тек бір ғана өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетсе, енді екіншісін іске қостық. Енді Шамалған ауылы мен оған жақын орналасқан сегіз елді мекеннің тұрғындарына жедел әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік бар.