Әуе шоуға дайындық

16 тамызда Іле ауданыныда «Байсерке аспаны» әуе шоуы өтеді. Ауқымды іс-шара қарсаңында Байсерке әуежайында Қазақстан авиация әуесқойларының жиыны өтті. Олар шоуға дайындық барысымен танысты. Кездесуде ортақ авиациялық қауымдастық құру бастамасы талқыланды. Іс-шарада түрлі әуе техникалары көрсетілді. Олардың қатарында Ан-2 ұшағы да бар. Ұйымдастырушылар сөзінше, әуе шоуына суға қонып, қайта көтеріле алатын гидроұшақтар  қатысуы да мүмкін. Мұндай әуе кемелері Қапшағай су қоймасының қолайлы аумақтарына қона алады. “Жеңіл авиациямен айналысу қомақты қаржыны талап етеді. Соған қарамастан, елімізде салаға қызығушылық артып келеді” дейді мамандар. 


ВЛАДИМИР АНЦОПОВ
«ТЯНЬ-ШАНЬ» АВИАЦИАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Сырттан келетін қонақтарды асыға күтеміз. Алдағы іс-шараға ресейліктер  қатысуға ниет білдірді. Олардың «Амфибия» ұшағын көру қызық болады деп ойлаймын. Сонымен қатар еліміздің Қорғаныс министрлігіне шоуға әскери авиацияна қатыстыру  туралы өтініш хат жолданды.   

Сондай-ақ оқыңыз: