Түлеген туризм

Ұйғыр ауданындағы «Арасан» туристік аймағы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Табиғи минералды ыстық су көздерінің негізінде қалыптасқан демалыс орталығы бүгінде еліміздегі емдік-сауықтыру туризмінің маңызды нүктесіне айналды. Әсіресе шетелдік меймандар көптеп қызғушылық танытып отыр.  

Ыстық су аумағында жыл сайын бірнеше жаңа демалыс кешендері іске қосылады. Нәтижесінде мұнда бәсекелестік артып, көрсетілетін қызмет сапасы көтеріліп келеді. Осылайша ішкі туризм жанданып, шетелдік қонақтардың да қарасы көбейді.


ӘДІЛЕТ РАХМЕТОВ 
ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ 
«..Қазіргі уақытта Малайзия Сингапурден көп қонақ келеді, Тайландтан көп қонақ келеді и Қытайдан тоже қонақтар көп келіп тұрады. Судың пайдасы получается ішінде составында слабородоновый, натрия, каллия, магния, кальця бар ол бізде получается денеге және суставтарға жақсы әсер етеді»


Бүгінде «Арасан» туристік учаскесі бес мыңнан астам адамды бір мезетте қабылдайды. Өткен жылы аймақта 265 мың турист демалып, көрсетілген қызмет көлемі 3 миллиард теңгеден асты. Саладағы оң өзгеріс жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен өңір экономикасының нығаюына тың серпін беріп отыр.


РАХЫМЖАН ТҰРСЫНОВ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ  
 «Ауданда туризмды дамыту мақсатында бүгінгі күнде Кетпен, Дардамты ауылдық округтарда орналасқан арасан учаскесінде 82 демалыс орындары бар. Оный бүгінгі күнде 67 демалысы туристерді қабылдап жатыр. Арасан учаскесі инфрақұрылымды дамыту мақсатында бүгінгі күнде жұмыстар атқарылып жатыр.  Арасан учаскесінде проблемалық мәселелер жаңағы бізде свет мәселесі жаңағы жолдары оның, жаңағы арасаннан шығып жатқан қалдық суларды соларды біржерге жинап атқару мақсатында біз ол жерге бір статус беруіміз керек.»


Алдағы кезеңде «Арасан» аумағында тағы екі жаңа демалыс нысанын іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, электр қуатын арттыру бастысы туристік аймаққа елдімекен мәртебесін беру мәселелері күн тәртібінде тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз: