Тазалыққа үндеу
Қапшағайда демалушылар санының артуына байланысты қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Бақанас бағыты бойындағы жолда тазалық акциясы өтті. Іс-шараға 70-ке жуық белсенді қатысты. Тәртіп сақшылары мен еріктілер демалушыларға табиғатты таза ұстаудың маңызын түсіндіріп, тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы орындарға тастау керектігін ескертті. Акцияда «Таза Қазақстан» таңбасы бейнеленген киімдер мен қоқыс жинауға арналған қаптар таратылды. “Азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырайық” дейді ұйымдастырушылар.
МӘЛІК НҰРҒАЗИЕВ
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
«... Жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді және де акциямызға қатысуды ұсындық. «Таза Қазақстан» -тазалық өзімізден басталады деп есептейміз біз. Сол себептен акциямызды жүргіздік. Және жүргізушілерге, қонақтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»