Зияткерлік ойын
Талғар ауданында тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр. Зияткерлік додаға еліміздің 15 өңірінен келген 100-ге жуық спортшы қатысуда. Олардың қатарында 27 спорт шебері бар. Чемпионат халықаралық ережелерге сәйкес екі жас санаты бойынша ұйымдастырылған. Яғни,19 бен 21 жастағылар бап сынайды. Жеңімпаздар классика, рапид және блиц сындары бойынша анықталады. Қазақстанның жаңа чемпиондарының есімі 30 шілде күні белгілі болады. Ең үздік ойыншылар ұлттық құрама сапында осы күзде Түркияда өтетін әлем чемпионатында ел намысн қорғайды.
ӘСЕЛ ҚАЙСАР
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Жалпы мен Алматы облысы атынан келіп отырмын. Мектеп кезден 4-ші сыныптан қатысамын. Оншақты жылд болды. Дайындалу барысы сол күнделікті өмірдегідей дайындаламыз»
ДӘУЛЕТ ӘБДІКӘРІМ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«Қазір 1-2 орын иеленген спортшылар алда өтетін Түркия еліне жолдама ұтады. Сонымен қатар Алматы облысының маңыздылығы , енді барлық аймақта біз чемпионат өткізіп келе жатырмыз. Енді Алматы қаласында , облысында өтпеген болғандықтан осы жерде өткізіп жатырмыз. Бұл енді бір чемпионат өткізгенде осы жақтың тоғызқұмалағын дамуына өз үлесін қосады»