Заң және тәртіп
Алматы облысында қылмыстық құқықбұзушылық деңгейі 17 пайызға төмендеді. Күшейтілген рейдтер Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласында өтті. Құқық қорғау органдары қылмыс жиі тіркелетін елді мекендерді, қоғамдық және ойын-сауық орындарын және жолдарды бақылауға алды. Рейд барысында 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы тәртіпті қатаң бақылауға алып, жол ережесін бұзу әрекеттерінің жолын кесті. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы белсенді жалғасады.
БАҚЫТБЕК ҚАРЫМСАҚОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
“Рейд қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкені үшін 138 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан 13 дүкен иесіне қатысты да әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқарудың 11 фактісі анықталды”