Вакцинация мәселесі
Елімізде екпе арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың саны артып келеді. Мамандардың айтуынша, әрбір бала ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытында вакцина алуы қажет. Өйткені вакцина – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы” дейді мамандар. Екпе тек бір адамды ғана емес, айналасындағы адамдарды да қорғайды. Соның арқасында түрлі себептермен вакцина ала алмайтын нәрестелер, иммунитеті әлсіз адамдар мен ем қабылдап жүрген науқастардың ауру жұқтыру қаупі төмендейді. Дегенмен, екпеден бас тарту денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселеле болып отыр.
МАҚПАЛ ҚАМБАРБЕКОВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕДИАТР ДӘРІГЕРІ
«2024-ші жылғы 439 болса, 2025-ші жылы 225, биылғы жылы алты айлықта 235 кездесу болып отыр. Осы біздің барлық вакцинадан бас тартқан ата-аналармен біз жаңағыдай жұмыстарын жүргіземіз, түсіндірме жұмыстарын. Оларға вакцинаның қажеттілігін түсіндіремі»