Қауіпсіздік құралдары шығарылады
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қойшыбек ауылында жеке қорғаныс құралдарын шығаратын зауыт іске қосылуға дайын. Кәсіпорында газға және өртке қарсы қорғаныс бетперделері мен өзге де қауіпсіздік құралдары шығарылады. Түрлі төтенше жағдайларда адамның тыныс алу мүшелерін, көзін және бетін улы газдардан, түтіннен қорғайтын жеке қорғаныс құралының бүгінгі таңда алғашқы үлгілері дайын. Сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жан -жақты тексерілген. Мұндағы компьютерлік жүйелер әр адамның бет пішіні мен өлшемдерін дәл анықтап, соған сәйкес әзірленеді. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер 200 млн.теңге қаржы жұмсады. Тәулігіне он түрлі құралдың 50 данасы шығарылады. Зауыт төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік саласында қызмет атқаратын мамандарды заманауи қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпек.
НҰРЖАН АМАНЖАРОВ
КӘСІПКЕР
«Оборудование алынды Қытайдан. Өте жақсы оборудование. Спецалистер өздері келеді,біз шақырдық. Олар көрсетіп үйретеді қалай шығаратынын. Сондай жұмыстар жүріп жатыр. Кәзір құжаттары дайындалып жатыр. Пройзводство сертификация продукций солар істелініп жатыр. Бұйыртса бір- екі айдың ішінде ашыламыз».