Саяжайдағы ауқымды жұмыс
Қонаев қаласында саяжай алқаптарының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде ауызсу және электр желілері жаңартылып, жаңа нысандардың құрылысы жоспарланып отыр. Бірқатар жоба аяқталса, енді бірі мемлекеттік сараптамадан өтеді. Атқарылған жұмыс пен алдағы мақсат-міндет туралы әріптесім баяндайды.
Бүгінде «Қонаев Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Құрылысшы» және «Алтын алма» саяжайларында 34 шақырымға жуық су құбыры желілеріне қызмет көрсетеді. Соның ішінде «Алтын алма» саяжайында 905 абонент сапалы ауызсумен қамтылған. Қазір №4 және №7 саяжай алқаптарының су құбыры қайта жаңғырту жұмысы қолға алынды.Сонымен қатар қалада жаңа сүзгілеу станциясын салу және алты су ұңғымасын бұрғылау жобасы әзірленіп жатыр. Биыл тағы екі жаңа су сорғысын орнатылмақ.
МҰРАТ СЫДЫҚОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Қазір осы екі саяжайдағы су құбырларын жаңарту жұмыс жүргізілуде. Биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сонымен қатар, су және электрмен жабдықтау жүйелерінде апаттық жағдай туындаса авариялық бригадалар оқиға орнына жедел жетіп, ақауларды қысқа мерзімде қалпына келтіреді.
Электрмен жабдықтауда да ауқымды жұмыстар бар. Үш саяжайдың 14 шақырымнан асатын электр желісі мен мен трансформаторлық қосалқы станциялары қала теңгеріміне қабылданған. Қазір бұл нысандар сенімгерлік басқаруға беріліп, тұрақты қызмет көрсетілуде.
ЕРЛАН НҰРМҰХАМБЕТОВ
«АЛТЫН АЛМА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
« 2021 жылдары осы саяжайымыздың толық электр жүйесі ауыстырылды. Қала өзінің есебінен, мемлекеттің есебінен жаңа столбтар қойып, электр тоғын тартып, үлкен трансформаторлар қойып, мына тоқтың бәрі сол уақыттан бері, 21-ден бері қаланың құрамына жаңағы тоғымыз өтіп, қалаға тікелей АЖК-ға жаңағыдай ақшамызды төлеп, арзан және де сапалы қазір электр тоғын алып отырмыз»
БАҒДАТ АХМЕТОВА
«ҚҰРЫЛЫСШЫ» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қазіргі уақытта енді бізде енді светтің мәселесі шешілді, қалаға өтті. Су да қалаға өтті. Жаңағы поливной су, яғни суармалы су, ол да қалаға өтті. Бізде ендігі бір-ақ мәселе қалды, ол только газ ғана. Ол да өзі шешілу үстінде деп жатыр»
Қонаев қаласын дамытудың кешенді жоспарына №4–7 саяжайларын ауызсумен қамту, жасыл желектерді суаруға арналған техникалық су жүйесін салу және елді мекендерді газдандыру жобалары енгізілген. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүзеге асырылмақ.