Әскери оқу-жаттығу
Болашақ десанттық бөлімшелердің командирлері Қонаев гарнизонында әскери тәжірибеден өтуде. Рязань гвардиялық жоғары әуе-десанттық командалық училищесінің курсанттары тағылымдама барысында взвод командирлерінің міндетін атқарады. Олар әскери қызметті ұйымдастыру тәртібін меңгеріп, жауынгерлік даярлыққа қатысады және басқарушылық шешім қабылдауды үйренеді. Әскери тәжірибе тактикалық, атыс, инженерлік, дене және арнайы даярлықты қамтиды. Осындай тәжірибелік сабақ болашақ офицерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, әскери қызметке жан-жақты даярлануына мүмкіндік береді.
АСЛАН ЕСЕНОВ
САРБАЗ
«35-ші гвардиялық бригадада әскери қызметшілермен білген үйренген заттарыммен бөлісіп, қарулы күштердің десанттық шабуылдаушы әскерінің дамуына өз үлесімді қосамын деп сенімдімін және соған тырысамын. Бұл мен үшін өте үлкен мақтаныш. Болашақ та елімнің, отанымның дамуына деген үлесімді қосамын деп сенемін және соған тырысамын»
НҰРҚАСЫМ ҚАРАБАЙ
САРБАЗ
«Өзіміздің білген білімдерімізді осы Қазақстан республикасының жауынгерлеріне көрсетіп, үйретудеміз. Сондай-ақ өзімізде офицерлер арасында көптеген білімдерімізді алмасудамыз.»