Ауылға амбулатория керек

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдап, өңірдегі өзекті мәселелерді тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар Қарасай ауданының Исаев ауылындағы амбулатория салынбағанына шағымданды. Сондай-ақ ауыз су, газдандыру, жол және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты түйткілдерді көтерді. Тұрғындардың айтуынша, ауылда амбулатория салуға арналған жер телімі бас жоспарға енгізілген. Бірақ жер дауы туындап тұр.  Облыс әкімі айтылған әрбір мәселе бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. 


АНАР ҚАДЫРБАЕВА 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Ген план бойынша бөлінген жер болған негізінде Исаев ауылында амбулаторияға 30 сотық. Сол жерге бір адамдар келіп үй салып бастағанда біз шыңғырып бастадық. Өйткені бізге оның алдындағы әкімдеріміздің жауабы соттасып жатырмыз деді, 1-2 жыл жүрдік жарайды деп. Одан кейін не болды деп едік арестке кетті деді. Ал енді бұл жерге келсек жер сатылып қойған. Енді мына жерге документіңіз бар ма десек иә гос актымыз бар жеп көрсетеді. Әкім Марат Елеусізұлының жауабы аудан әкіміне жолдады. Иә, қарастырамыз, табамыз, жерді қайтарамыз, салып береміз, болды» 

Сондай-ақ оқыңыз: