Заң нормалары талқыланды
Іле ауданында Конституцияға енгізілген өзгерістер, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесуге аудан тұрғындары мен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Дауталиев сөз сөйледі. Ол Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Кездесуде мамандар «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі жаңашылдықтарын түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі, қызметкерлердің әдеп талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат айтылды.