Өңірлік кадрлық резерв

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде өңірлік кадрлық резерв жинақталды. Оған 35 жасқа толмаған кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар білікті жастар қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша Алматы облысы бойынша  26 азамат іріктелді. Олардың 14-і жергілікті атқарушы органдардың жоғарғы лауазымдарында қызмет етуде.  Жақында ғана жоба аясында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Серікұлы тағайындалды. Мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам тәжірибесі бар маман аудандағы әлеуметтік жағдайды жақсарту көздейді.      


АЗАМАТ ЖАНДОСОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  
«Мына ауданда 3 ауысымдықты жою мәселелері бар. Ауданда 3 ауысымдық мектептер жоқ бірақ толып тұрған мектептер бар. Мәдениет саласында нысандар бар. Мысалы Жібек жолы ауылында құрлысы жүргізіліп жатыр соны аяқтаймыз. Спорт, денсаулық сақтау саласында орталық ауруханамызда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Перинаталдық орталықтың құрлысын жоспарлап отырмыз. 500 орындық емхана салу мәселесі жоспарымызда бар.»

Сондай-ақ оқыңыз: