Теміржол бекеті ашылды
Жамбыл ауданы, Қазыбек бек станциясында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы қайта ашылды. Тоғыз жолдың торабындағы бекет жолаушылар жайлылығы үшін заманауи құралдармен толық жабдықталды. Нысанның жаңарған келбеті туралы тілшіміз баяндайды
Қазыбек бек станциясының ескі вокзалы 1960 жылы салынған. Толықтай қайта жаңғыртудан кейін оның жалпы аумағы 236 шаршы метрді құрады. Жаңғыртылған ғимаратта медициналық пункт пен ана мен бала бөлмесі қарастырылған. Жоба еліміздегі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылды.
БАҚЫТЖАН ӘБІЛПАТТАЕВ
«АЛМАТЫ-1» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
“Алматы облысы бойынша қазір ашылыпы жатқан қазыбек бек. Бұның алдында ашылғандары “Қапшаға”, “Жетісу”, “Шамалған” “Халықтың мұң-мұқтажын... пойызды осында тоқтатуын естідік. Енді оны қарастырыпы, оң шешімін қабылдауға тырысамыз”
Қазыбек бек станциясы арқылы күн сайын Алматы бағытына қатынайтын екі жолаушылар пойызы өтеді. Қала маңындағы бұл бағыт тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Жұмыс күндері пойызды орта есеппен 70–80 адам пайдаланса, демалыс күндері жолаушылар саны 100–200 адамға дейін артады. Жол жүру құны – 120 теңге. Сондықтан бұл көлік түрі тұрғындардың басым бөлігі үшін қолжетімді. Ал жол жүру уақыты шамамен бір сағатты құрайды.
Теміржол ауылдық округінің, әсіресе Қазыбек бек станциясының тұрғындары жаңа вокзалдың ашылғанына дән риза. Алдағы уақытта бұл станцияға тек Алматыға ғана емес, өзге бағыттарға да жаңа пойыздар қатынап, бекетке аялдаса деген үміттерін жеткізді.
ЖЕКСЕНБАЙ БАЗАРБАЙҰЛЫ
ҚАЗЫБЕК-БЕК БЕКЕТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
“Осы ауылға вокзал салғаннан кейін пойыз тоқтау керек. Соны сұрап жатырмыз басшылықтан. Ол кісілер уәде беріп жатыр тоқтататамыз келешекте деп. Рахмет енді. Соған сенеміз енді”
СӘУЛЕТАЙ ҚАЙДАБЕКОВА
ҚАЗЫБЕК-БЕК БЕКЕТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
“Бұл тоғыз жолдың торабындағы бекет. Ауылға өте ыңғайлы жақсы салынған. Аралап көрдік. Ең бастысы ауыл тұрғындарына қаладан қатынап істейтін жұмыскерлерге, студенттерге ыңайлы. Ауылға осындай салып бергенін алғысымды айтамын”
Қазыбек бек станциясымен қатар Шамалған станциясын қайта жаңғырту жұмыстары да аяқталды. Бұл станция арқылы күн сайын Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Бейнеу бағыттарына қатынайтын 20 жолаушылар пойызы өтеді.