Кәсіптік білімге талпыныс

Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде осы бағытта  41 оқу орны жұмыс істейді. Онда құрылыс, машина жасау, медицина, педагогика және ақпараттық технологиялар  сынды  еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярланады. Қазіргі таңда жастар қандай мамандықтарды таңдап жатыр? Айсұлтан Бақтан баяндайды. 


Білім алуға ұмтылған жастар колледжге алғашқы қадамдарын басты. Оқу орнында  талапкерлерге таңдаған мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат беріледі. 9-шы сыныпты аяқтаған  Сағындық Тәжіғали болашақта инженер-меканик болғысы келеді.  


САҒЫНДЫҚ ТӘЖҒАЛИ
АБИТУРИЕНТ 
« Мен техник-механик мамандығын таңдап және сол болашақта сол мамандық егесі болып ата анамның сенімін ақтағым келеді. Кішкентайымнан мысалы көлік жүргізуге және көліктің жабдықтарын құрауға соларға қызыққандықтан осы мамандық егесі болуды қаладым. Және сол арқылы мен Қазақстанда қалып өзімнің өндірісімді ашқым келеді және сол мамандық арқылы көптеген жетістіктерге жетемін деген ойдамын»

Биыл Шамалған ауылындағы «Кәсіптік көпсалалы колледжді» 183 студент тамамдады. Олар мамандықтары бойынша  жұмысқа орналасып жатыр. Жалпы облыстағы 24 колледже мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Түлектерге 5 мың орын бөлінді.  Талапкерлердің құжаты Ұлттық платформа арқылы рәсімделеді.  

КЕНЖЕГҮЛ ДҮЙСЕНТАЕВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ  
«Облыс колледждерінде бүгінгі күнде техникалық, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету және сервис,энергетика, құрылыс, машина жабдықтау телекоммуникация,  ақпараттық технологиялар, ветеренаия, экология, мәдениет және өнер, заңгерлік және құқықтық бағытта білім алады»

Жалпы Алматы облысында 41 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, 19-ы жекеменшік. Оқуға қабылдау науқаны  25 тамызға дейін жалғасады.    

Сондай-ақ оқыңыз: