Облыстың сот төрағасы тағайындалды
Алматы облыстық сотының ұжымына жаңа төраға таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл жауапты қызметке Нариман Бекназаров тағайындалды. Нариман Бектасұлы бұған дейін Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына жетекшілік еткен. Биыл «Құрмет» орденімен марапатталған жаңа төрағаның кәсіби тәжірибесі сот жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдіреміз деді облыс басшылығы.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бұл өзгерістер сот билігінің тәуелсіздігін арттыруға, «Заң мен тәртіп» үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін күшейтуге жаңа серпін берді. Осы жауапты кезеңде сот жүйесіне жаңа басшының келуі аталған реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етіп, саланың одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенемін»
Жиыннан кейін қатысушылар Қонаев қаласында салынып жатқан облыстық сот ғимаратының құрылысын көрді. Заманауи нысан сот төрелігін жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады.