Орақ науқаны
Іле ауданында егін жинау науқаны қарқынды. Биыл 53 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылы егілді.
Қазіргі таңда масақты дәнді дақылдардың 10 мың гектардан астамы орылып, оның ішінде 4 150 гектар бидай және 5 990 гектар арпа жиналды. Алынған астық көлемі 18 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар көкөніс пен бақша дақылдарының 421 гектары жиналып, 13 мың тонна өнім қамбаға түсті. Мысалы, «Жер қанаты» серіктестігі биыл 660 гектар алқапқа егін егіп, қазір орақ науқанын қызу жүргізіп жатыр. Диқандардың маңдай тері мен еңбегін еселейтін бұл жұмыс ауыл шаруашылығы өндірісін арттырып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. “Егіс даласындағы жауапты кезең жүйелі жұмыспен тиянақты атқарылады” дейді шаруалар.
ҚАЛДЫБЕК ҚҰЛТАЕВ
СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
“Егін науқаны аяқталып келеді бізде. Былтырға қарағанда едәуір жақсы. Биыл жауын-шашын да көмектесті. Былтырға қарағанда өте жақсы. Қазір гектарынан өзімнің есебіп бойынша 15-16 центнерден беріп жатыр бидай. Арпа да сол шамада болаған.Енді қадай қаласа мақсары орылады”