Балмен келген береке
Нарынқол ауылында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан омарташылық кәсібі бүгінде табысты дамып келеді. Әулеттік кәсіпті жалғастырып отырған Әділет Манасбекұлы жылына 4-5 тоннаға дейін табиғи бал өндіруді жоспарлап отыр. Кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен қайтарымсыз грантқа ие болып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды.
Омарташы Әділет Манасбекұлы атасы мен әкесінен үйренген кәсіпті жалғастырып, заманауи еуропалық технологияларды қолданады. Асыл тұқымды аналық араларды асырап, өнім көлемін арттырып, шаруашылығын тиімді жүргізуді көздейді.
ӘДІЛЕТ МАНАСБЕКҰЛЫ
ОМАРТАШЫ
«Біз енді бала кезімізден байланыстық, әкеміз бізге үйретті. Міне жасымыз қазір 40тан асты Аллаға шүкір. Арамен айналысып енді өзімізжің балаларға үйретсекпа деген ниетіміз бар. Өйткені қазіргі таңда біз мына кәсіптерді дамытуымыз керек елімізде. Өйткені мемлекеттің экономикасында көтеретін осы кіші кәсіптер. Өйткені қазір қараңыздар міне 100ұяға жеткіздік. Биыл 100 ұя ұстап отырмыз 5 т балл аламыз Алла қаласа. Балымызды нарыққа шығарсаңыз шыққан шығыныңызды да өзіңіздің еңбегіңізді де ақтайды.»
Бүгінде кәсіпкер өндірген табиғи балға сұраныс жоғары. Тұрақты тұтынушылар саны артып келеді. Алдағы уақытта Әділет Манасбекұлы омарта аумағында демалушыларды қабылдайтын орын ашып, бал өнімдері арқылы сауықтыру қызметін көрсетуді жоспарлайды.
АҚМАРАЛ ӨМІРЗАҚОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
“Қазіргі таңда таза балл табу өте қиын. Бірнеше жақтан балдар алып көрдім. Бірақта өте таза емес. Мен Әділеттің тұрақты клиентімін. Жыл сайын келген сайын осы балдарынан алып тұрамын. Балы өте таза. Балаларыма,немкрелеріме ауырғанда қолданып жүрмін. Бір жағынан өзіміздің жерлестеріміз осы еңбектерін ары қарай жалғастырып, одан да былай үлкейте беруіне тілектеспін.”
Табиғи өнім өндіруді табыс көзіне айналдырған кәсіпкер мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияның арқасында отбасылық кәсіпті жаңа деңгейге көтеріп отыр. Оның айтуынша, еңбек пен ізденіс қатар жүрген жерде омарташылық ауыл экономикасын дамытуға да өз үлесін қосады.