Балқашта жолбарыс бар
Тарихи сәт. 70 жылдан кейін алғаш рет Амур жолбарысы табиғи мекеніне қайта оралды. «Үміт» атты аналық жолбарыс «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберілді.
Жоба Қазақстан, Ресей және халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асты. Іле-Балқаш өңірі кезінде Тұран жолбарысының мекені болған. Алайда өткен ғасырда табиғи ортаның бұзылуы мен браконьерлік салдарынан бұл жыртқыш Қазақстан аумағынан жойылып кеткен. Жануар ветеринарлық тексеруден өтіп, GPS-қарғыбаумен жабдықталды. Енді оның қозғалысы тәулік бойы бақыланады. Жолбарыстың оралуы – тек бір түрді қалпына келтіру емес, Оңтүстік Балқаш экожүйесін сақтаудағы маңызды қадам. Алдағы уақытта аталық пен екі жас жолбарыстар да дайындықтан кейін табиғи ортаға жіберілуі мүмкін.