Сертке адал сарбаздар
Қонаев қаласының орталық алаңында екі жүзден астам жас сарбаз әскери ант беріп, Ұлттық ұлан қатарына қосылды. Салтанатты іс- шарада 36 да 62 әскери бөлімінің командирі жас жауынгерлерді құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. Еліміздің Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары, Шымкент пен Алматыдан шақыртылған 211 сарбаз бір ай бойы тынымсыз дайындалды. Олар оқу-жаттығу жиынында үйренген әскери тәсілдері мен дағдыларын көпшілікке көрсетті. Ал алдағы уақытта бұл жауынгерлер Қонаев пен Алатау қаласындағы қоғамдық тәртіпті күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
НҰРДІЛДӘ ӘБДІХАНҰЛЫ
ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
« Отан алдындағы борышты өтеу әр азаматтың міндеті. Сол үшін де әр азамат еліміздің алдында өз борышын өтеу керек. Мен әскерге өз еркіммен келдім.
АЙДЫН ЖҮКЕНОВ
РОТА КОМАНДИРІ
« Сарбаздардың жігері, қызметке деген ынталары мықты. Дайындалып келгендері де бар, оқып келгендері де бар. Қызметке деген дайындықтары барлығы жақсы. Қазіргі таңда ата-аналары келіп, осы әскери антты тамашалауда.