Тәртіп күзетінде
Жаз мезгілінде ауыл жастары уақытын қалай және кіммен өткізіп жүр? Іле ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Әсіресе қоғамдық тәртіптің сақталуына кешкі және түнгі мезгілде ерекше назар аударылып отыр.
Іле ауданында кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара өтті. Тексеру компьютерлік клубтарды, ойын-сауық орындары мен саябақтар қамтылды. Себебі жасөспірімдер кешкі және түнгі уақытта осы орындарда жиі бас қосады. Ауданда 67 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Жыл басынан бері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 43 рейд ұйымдастырылған.
АСҚАР САДЫҚОВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«...Қылмысқа алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында жасөспірімдер арасында осындай рейдтер жүргізіп жатады. Оның ішінде прокуратура өкілдері бар ювенальный полиция бар, участковыйлар бар және әкімшіліктің қызметкерлері бірге қатысып осындай іш шараларды атқарып жатырмыз»
Рейд кезінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүруіне жол бермеуге, сондай-ақ алкоголь өнімдерін тұтыну мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілді. Жыл басынан бері ауданда бала тәрбиесін қадағаламаған ата-аналарға қатысты 190 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай ақ 260 тан астам жасөспірімге тәртіп шара қолданылды. Адын- алу шаралары өз нәтижесін беріп жатыр. Соңғы рейд барысында ешқандай құқық бұзушылық анықталмады.
АЛМАС АЛМАБАЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Ерекше біздің назар аударатынымыз ол жерде жаңағы жиі қылмыстар болатын елді мекендерге баса назар аударамыз. Ол жақта тұрғындармен кездесулер өткізіп құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Біздің басты мақсатымыз құқықтық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау»
Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын келеңсіз жағдайларға жол бермеу. Бала қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан рейд барысында ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.