Авиациялық отын өндіріледі

Қазақстанда тұрақты авиациялық отын  өндіретін экожүйе құрылады. Жоба Алатау қаласында жүзеге асырылмақ. Тиісті меморандум ел Үкіметінде жасалды. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы  Питер Ли энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Бастама авиациялық жанармай өндірудің толық циклін қамтиды. Яғни шикізат өсіруден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезең қарастырылады. Жоба озық технологиялар мен «жасыл» экономиканы дамыту арналған  маңызды қадам. 

Сондай-ақ оқыңыз: